(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ...
Осы редакция 2017 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 9-қосымша
«Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде (Стандарттың 5-тармағы).
3. Жылжымайтын мүлiк объектісіне техникалық паспорт беру мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады (Стандарттың 6-тармағы).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық паспортты беруге арналған өтініш (бұдан әрі - өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауы үшін негіз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа