Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 249-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

«Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 249-НҚ бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларда:

3-тармақта:

3) тармақша алып тасталсын;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті органмен айқындалған тәртіпте аттестатталған жеке тұлға»;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) уәкілетті ұйым - тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;»;

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22) қарапайым құрастыру операциялары - өтінім беруші өндірмеген жекелеген тораптар мен бөлшектерден тауарды жөніндегі, оның ішінде орындауы осындай операцияларда орындауға арналған арнайы машықтарды қолдануды талап етпейтін құрастыру, тойтармалау, нығыздау, желімдеу, бекіту бұйымдарымен қосу (бұрандалармен, сомындармен, бұрамалармен, бұрамашегелермен және метал бұйымдар), дәнекерлегішпен қолмен дәнекерлеу операциялары»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку