Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

2015 жылғы 25 ақпандағы

№ 115 бұйрығына

1-қосымша

 


Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын

талаптар


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) халықаралық бағалау стандарттарын пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына, бағалау туралы есепте (бұдан әрі - есеп) пайдаланылатын ақпаратқа, сондай-ақ әдіснамада және есептеуде қолданылатын бағалау туралы есептегі сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы талаптар Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде қолдануға міндетті болып табылады.

3. Есеп бағалау жүргізу қорытындысы бойынша жасалады және Заңға, осы талаптарға, халықаралық стандарттар мен бағалау қызметі стандарттарына сәйкес жасалған құжатты білдіреді.

 

 

2. Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын талаптар

 

4. Есепте мынадай бөлімдер мен бөліктер қамтылады:

титул парағы;

есептің мазмұны;

1 Бөлім. Есеп туралы жалпы мәліметтер;

2 Бөлім. Бағалау объектісінің жалпы ақпараты және сипаттамасы;

3 Бөлім. Есептің есептеу бөлігі;

4 Бөлім. Қорытынды бөлігі;

Қосымшалар.

1 және 2 бөлімдер, оның қосымшаларын есептемегенде, есеп мазмұнының жартысынан аспайды.

5. Есеп екі данада жасалады, оның біреуі тапсырыс берушіде, екіншісі бағалаушыда сақталады.

6. Титул парағында қамтылады:

1) есептің атауы;

2) есептің нөмірі;

3) есептің жасалған күні;

4) объектінің атауы және орналасқан жері;

5) бағалау күні;

6) бағалау туралы шарттың нөмірі және жасалған күні;

7) айқындалатын құнның түрі (үлгісі);

8) тапсырыс берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның нақты орналасқан жері немесе заңды мекенжайы, банктік деректемелері;

9) бағалаушы туралы мәліметтер:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку