«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 758 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44, 424-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ережеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сайлау және республикалық референдум туралы заңнаманың орындалуын бақылауды және оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуді;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті, сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша шешімдер, сондай-ақ өзге де құқықтық актілер қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді;
Демо – версия документа