Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ» ...

Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 нормативтік қаулысы

(2021.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің» деген сөздер «АПК-нің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін процессуалдық заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2012.29.12. № 6 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.25.11. № 9 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі 163-бабының екінші бөлігіне көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында судья арыздарды сот өндірісіне қабылдаған кезден бастап, сотқа берілген арыздардың дәлелдемелермен негізделгендігі АПК-нің 148 және 149 -баптарының талаптарына сәйкес келуін ескеруге міндетті.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку