(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.22.10 № 1642 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы акционерлік қоғамдардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1642 Қаулысы
(2012.19.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басымдықтарына сәйкес басқарудағы дара басшылық қағидатын жүзеге асыру, басқару және даму мәселелерін шешуді орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Университет клиникасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Университет клиникасы» акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Университет клиникасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.
4. «Орталық жол ауруханасы», «Көліктік медицина қызметі» және «Университет клиникасы» акционерлік қоғамдары осы қаулының 1-3-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралар аяқталғаннан кейін бірігу жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
5. Қоғам қызметінің негізгі мәні халыққа медициналық көмек көрсету болып айқындалсын.
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Редакция документа
Демо – версия документа