Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы

«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Мопедтерді қоспағанда, көлік құралдарын тiркеу үшін оның иелерi (иелерінің өкілдері) мыналарды:»

мынадай мазмұндағы 16-4-тармақпен толықтырылсын:

«16-4. Мопедті тіркеу үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) мыналарды:

1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;

2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымы мен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;

3) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес мопедті мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

4) техникалық құжатты (бар болған жағдайда) немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметті;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку