«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 611 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 611 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 8-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;»;
Демо – версия документа