«Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 140 бұйрығы
«Аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 140 бұйрығы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 18-2/501 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11551 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінің № 160 (28286) санында жарияланған);):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығына сәйкес жүргізілген аңшылық алқаптарын шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру нәтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жануарлар дүниесін пайдаланушы бекітіп берген аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесі объектілерін қорғау:
1) жануарлар дүниесі объектілерін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нормативтерді сақтау қағидаттарына негізделеді;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды сақтау қағидаттарына негізделеді;
3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау;
Демо – версия документа