Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АУДИТ БОЙЫНША САРАПТАМ...

Осы редакция 2017 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2015.27.11. № 973 бұйрығымен 4-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 394 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1) қызмет беруші кеңсе арқылы;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) күнтізбелік күн;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку