(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ...
ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2023 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның
шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру
қағидалары
(2022.19.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингісі бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба)/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу мен қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.19.07. № 505 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;
Редакция документа
Демо – версия документа