«Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 281 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 281 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) «Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.»;
орталық аппараттың функцияларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа