«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 52 бұйрығы
«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 52 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және енгізілетін реттегіш құралдарға және (немесе) талаптарға, реттеуді қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ қолданыстағы реттеуші актілер бойынша реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші орган - нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың құзыретіне сәйкес әзірлейтін және осы Қағидаларға сәйкес реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
Демо – версия документа