«Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 195/НҚ бұйрығы (күші жойылды)
Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 195/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 243/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы;
2) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Документ утратил силу
Демо – версия документа