Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТТАРЫН БЕ...

Осы редакция 2018 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

7-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап - 5 (бес) жұмыс күннен аспайды;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016.09.12. № 11-1-2/584 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік көрсетілетінқызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку