(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫ...
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1135 Қаулысы
(2015.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 64) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 24 қазандағы
№ 1135 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының
бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібін белгілейді.
2. Сақталған жеріне қарамастан мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары республикалық меншік болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 205 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа