«Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 21 бұйрығы
«Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 21 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау тәртібін (бұдан әрі - аттестаттау) айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аттестаттауды өткізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамы және ережесі бекітіледі.
Комиссияның құрамына көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері енгізіледі.
Демо – версия документа