«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 70/НҚ бұйрығы
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 70/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:
1) өтініш;
Демо – версия документа