«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 622 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 622 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында:
16 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«16 Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы»;
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
110 «Облыс мәслихатының аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 113 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
305 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
013 «Республикалық маңызы бар қала, астана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 055 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа