«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 391 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 391 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5761 болып тіркелді, 2009 жылғы 25 қырқүйекте № 146 (1569) «Заң газетінде» ресми жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа