«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 582 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 582 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«112) камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мәліметтер тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыну тәртібін айқындау;»;
117), 118) және 119) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«117) шегілетін темекі бұйымдарында, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарда, қорқорға арналған темекіде, қорқор қоспасында, темекі қыздыруға арналған жүйелерде никотин мен шайырлы заттар болуының шекті жол берілетін деңгейлерін айқындау;
118) инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі жайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
119) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
202) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«202) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық маңызы бар бұйымдар бағасын реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
205) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа