«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 368 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 368 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген босқын куәлігінің үлгісінде:
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Босқын куәлігінің мұқабасы көк түсті.
Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:
жоғары бөлігінде - қазақ және ағылшын тілдерінде:
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу;
ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
төменгі бөлігінде - қазақ және ағылшын тілдерінде:
«БОСҚЫН КУӘЛІГІ
REFUGEE CERTIFICATE» деген жазу орналасқан.
Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
5. Босқын куәлігінің 1-беті иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады (№ 18 сурет):
«Босқын куәлігі
Refugee certificate
Тегі
Surname __________________________________________
Аты/Name _________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)
Middle name (if available)_____________________________
Документ утратил силу
Демо – версия документа