(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ...
Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 қаулысы
(2014.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желісіне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, «Үкіметтің мобильдік офисіне» қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады;
ҚР Үкіметінің 2011.16.02. № 142 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.14.03. № 244 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа