(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕНШІКТІҢ КЕЙБIР МӘСЕЛЕЛЕРI ТУРАЛЫ» Қ...
Республикалық меншіктің кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 675 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҰМҒТСО» АҚ) оған «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «ҰМҒТСО» АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелерін ұлттық ғылыми кеңестерге жіберу, орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін (есептерін) бағалау, жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру, қазақстандық және шетелдік сарапшылар құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың деректер банктерін қалыптастыру, өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа