Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАНЫҢ КЕЙБІР НОР...

Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 ж. 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысы

(2018.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.20.05. № 3 нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК», «қадағалау», «тиісті қадағалау», «шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы», «сот қадағалауы тәртібімен» деген сөздер тиісінше «АПК», «кассациялық», «өтінішті іспен бірге кассациялық сатының сот отырысының қарауына беру туралы», «кассациялық тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.20.05. № 3 нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы Қаулы етеді:

1. Заңдылық принципіне және әділеттілік пен парасат өлшемдеріне жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыларды, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.20.05. № 3 нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. АПК-нің 148-бабына сәйкес, талапкерлер талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды жан-жақтылы баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайлар мен талаптарды растайтын дәлелдемелерді келтіруге міндетті.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку