(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰҢҒЫМАЛАР ОБЪЕКТІСІН СЫНАУ, КЕН ОРНЫН СЫНАМАЛЫҚ ПАЙ...
Осы редакция 2019 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2017.28.06. № 221 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
1-қосымша
«Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану,
технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды
технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.28.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа