Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Биржалық сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 335-НҚ бұйрығы

 «Биржалық сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 335-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Биржалық сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 28-тараумен толықтырылсын:

«28-тарау. Қант саудасы бөлімі

«299. Қанттың биржалық сауда-саттығын ұйымдастыруды жүзеге асыруға ниеті бар тауар биржасы уәкілетті органға еркін нысандағы хабарламаны жолдайды.

300. Қант сауда-саттығын ұйымдастырушы болып табылатын тауар биржаларының тізбесі олардың атауы мен байланыс деректерін көрсете отырып, уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

301. Тауар биржасы дилер ретінде аккредиттеген немесе аккредиттелген брокерлер арқылы әрекет ететін сатушылар мен сатып алушылар қанттың биржалық сауда-саттығының қатысушылары болып табылады.

Қанттың биржалық сауда-саттығының қатысушыларына мыналар жатады:

1) қант сатушылар – қант өндіруші, оның ішінде:

қантты отандық импорттаушылар – Қазақстан Республикасының аумағында үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталған қантты өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі және (немесе) өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі қанттың меншік иесі;

қант импорттаушылар, шетелдік заңды тұлға – бейрезиденттің – заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның функцияларының барлығын немесе бір бөлігін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қантты өткізуді жүзеге асыратын өкілдік функцияларын жүзеге асыратын ерекше бөлімшесі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку