Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ АЗАМАТТАРЫНЫҢ А...

Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер Министрінің

міндетін атқарушының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 11-1-2/177 бұйрығына

4-қосымша

 

 
«Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

 «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап:

баланың тууын тіркеу - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

неке қиюды және бұзуды тіркеу - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;

қайтыс болуды тіркеу - 5 (екі) жұмыс күні ішінде.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку