«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 51 бұйрығы (2025.14.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 51 бұйрығы
(2025.14.06. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025.28.05. № 264/НҚ бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15055 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарда:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Пошта маркаларының, блоктардың, маркіленген хат қалталардың және (немесе) пошта карточкаларының номиналды құнын белгілеген жағдайда, мынадай латын әріптері пайдаланылады:
«А» - заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының шегінде- 20 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«В» - Қазақстан Республикасының шегінен тыс елдерге жер үсті көлігімен 50 грамға дейінгі салмақта тіркелмейтін хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
«С» - Қазақстан Республикасының шегінде 50 грамға дейінгі салмақта арнаулы хатты жіберу тарифіне сәйкес келеді;
Демо – версия документа