«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 810 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 810 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
2 «Акциздер» кіші сыныбында:
75 «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«75 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
4 «Емханалар» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Call-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа