«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 380 Қаулысы (күші жойылды)
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 380 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 Қаулысымен 2024 ж. 2 наурыздан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 44, 278-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органның трансферттерді аударуы:
1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін) қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына ай сайын жүзеге асырылады;
2) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың өтініміне (бұдан әрі - өтінім) сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Қордың банк шотына ай сайын төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа