(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «ҚОЛЖЕТІМДІ КРЕДИ...
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 шілдедегi № 505 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі - АНК) 2018 - 2023 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысаналы индикаторлар
Нысаналы индикаторлар:
1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға төмендету;
2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2024 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Редакция документа
Демо – версия документа