Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 683 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 683 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«244. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда, сатып алынатын қызметтің нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.»;

294-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«294. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, бірыңғай ұйымдастырушы, қажет болған жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке және шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді қоспағанда, аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді бірыңғай ұйымдастырушы осы Қағидалардың 282-тармағында белгіленген тәртіппен бекітеді.»;

343-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку