Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 639 бұйрығы (күші жойылды)

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 639 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5135 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 43 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің атауын мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары»;

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Осы Қағидалар басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура) туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.»;

5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку