Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 160 бұйрығы

 «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 160 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) пестицидтердің шығыс нормасы - өңделетiн алаң бірлігіне пестицид массасы немесе көлемі (гектарға/тоннаға/шаршы метрге килограмм немесе литр);»;

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмге:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке қысқаша дерекнама;

2) өтінім берілген пестицидтердің өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері;

3) өтінім берілген пестицидтердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдiстемелік нұсқаулар;

4) пестицидтi өндіруші елде пестицидтi және оның әсер етуші заттарын өндіруге рұқсатты куәландыратын құжат;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку