«Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 156 бұйрығы (күші жойылды)
«Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 156 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15795 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру - құқық қорғау органдары қызметінің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуіне бағытталған қызмет;»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Академияның құқық қорғау органдарымен, олардың ведомстволық ғылыми мекемелерімен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі»;
11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа