(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРҒА ӨМIР БОЙЫ АЙ САЙЫН...
Осы редакция 2017 жылғы 11 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.26.02. № 57 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 14 мамырдағы
№ 176 бұйрығына
2-қосымша
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.19.08. берілген өзгерістермен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2016.19.08. № 238 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа