Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «УАҚЫТША ӨТЕУЛІ (ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ, ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ) ЖЕР ...

Осы редакция 2016 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.20.02. № 90 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 355 бұйрығына

7-қосымша

 

 

«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану

(жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.20.02. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелді) бекітілген «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер (бұдан әрі - сәйкестендіру құжаты) беру болып табылады.

«Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің өкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку