(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДIК ДIНИ БI...
Осы редакция 2017 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а.
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 190 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер реестрінде № 11183 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» Стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiне келiсім-хат беру (бұдан әрі - келісім-хат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша жауап беру болып табылады. Ұсынылу нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толымдылығын және стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексереді.
Редакция документа
Демо – версия документа