«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 348 Қаулысы
«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 348 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейінгі мерзімде орындаушыны таңдау мақсатында уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда, алушылардың атына Баға белгілеу қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттаманы - жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
Тізілімге енгізілген, заттай және арнаулы мүлікті, жеке қорғану құралдарын өндіруге маманданатын отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер өнімнің техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алушылардың атына пайдаланылатын шикізаттың сапасын растайтын құжаттармен қоса мәлімделетін өнімнің үлгілерін ұсынады.
Мәлімделетін өнімнің үлгілері осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.
Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің жоспарлы калькуляцияны ұсынуы олардың келіскенін және техникалық тапсырмада көзделген шарттарды сақтап, қорғаныстық тапсырыс өнімін жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігін растау болып табылады.
Жоспарлы калькуляцияны ұсынған кезде баламалы техникалық тапсырмаларды ұсынуға тыйым салынады.
Демо – версия документа