Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮ...

Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 Қаулысы

(2014.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 Осы редакция 2019 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне мынадай шектеулер белгіленсін.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.21.11. № 221 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - банк):

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку