(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМА...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2 Нормативтік қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің қабылдануына және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1983 жылғы 29 наурыздағы № 3 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге «Әке болуды анықтау және әке болуды тану фактілері жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1971 жылғы 30 қыркүйектегі № 7 нормативтік қаулысына:
1) кіріспеде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)» деген сөздер «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) нормативтік қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Заңның» деген сөз «Кодекстің» деген сөзбен ауыстырылсын, «неке» деген сөзден кейін «(ерлі-зайыптылық)» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 2-тармақта:
а) тармақшасында «47» деген цифр «48» деген цифрмен ауыстырылсын;
«АІЖК» деген аббревиатура «Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК)» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) тармақшасында:
«46-бабының 4-тармақшасы» деген сөздер мен цифрлар «47-бабының 5-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтық хал актілерін жазу органдары», «қорғаншы және қамқоршы» деген сөздер тиісінше «азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органы (бұдан әрі - тіркеуші орган)», «қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
в) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа