Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2016.19.04 № 234 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2016 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2016 жылғы 19 сәуірдегі

№ 234 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай

бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің

кредиттері бойынша кепілдік беру

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету түрінде кепілдіктер берудің шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.

4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агентіне өзара жасалған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражатының есебінен аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) банк - Даму банкін қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку