(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ КАДАСТРЛЫҚ (БАҒАЛАУ) ҚҰНЫН АЙҚЫНДАУ...
Осы редакция 2017 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 24 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
16-қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.20.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру - көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.20.07. № 318 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
Қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
Редакция документа
Демо – версия документа