«Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 231 бұйрығы (күші жойылды)
«Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 231 бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 531 бұйрығымен күші жойылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 4 (төрт) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау.»;
3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздердің болған кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартылуы туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық түрде жіберіледі;»;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа