Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 130 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 130 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидасында:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Емтихан тапсыру кестесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

3. Емтиханды тапсыру кестесінің көшірмесі сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адамды таныстыру үшін Орталықтың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

4. Біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін адам он бір жұмыс күнінен бұрын Орталыққа «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Комиссия біліктілік емтихан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханынан өткен адамға:

сот сарапшыларға - осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін;

сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына - осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігін береді.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку