(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ ДЛЯ ОБУЧАЮЩИХСЯ С ОСОБЫМИ О...
Продолжение
Данная редакция действовала до внесения изменений от 6 ноября 2024 года
См. начало
Приказ дополнен приложениями 357 - 367 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 27.07.17 г. № 352
Приложение 139
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 27 июля 2017 года № 352
Приложение 357
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 3 апреля 2013 года № 115
Типовая учебная программа по предмету
«Естествознание» для обучающихся с легкой умственной отсталостью 6-9 классов уровня основного среднего образования
Глава 1. Пояснительная записка
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу пәнінің мақсаты - қоршаған әлем, өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам ағзасының құрылымы және қызметі туралы білім алушыларда қолжетімді білім қалыптастыру.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) өлі және тірі табиғаттың негізгі элементтері туралы, адамның ағзасы және оның денсаулығы туралы білім қалыптастыру;
2) табиғат құбылыстары туралы мәліметтер беру (жаңбыр, қар, жел, тұман, күз, қыс, көктем, жаз);
3) кейбір өсімдіктерді өсіру және оларды баптау дағдыларын қалыптастыру; үй жануарларын күтіп-баптау тәсілдері;
4) салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау және нығайту;
5) табиғатты аялап қорғау икемдерін қалыптастыру.
4. Жаратылыстану - табиғат туралы қорытынды білім жүйесін ұсынатын кіріктірілген оқу пәні. Бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады: Өлі табиғат (6-сынып). Өсімдіктер (7-сынып). Жануарлар (8-сынып). Адам (9-сынып).
5. Білім алушыларды өлі және тірі табиғатпен, табиғат құбылыстарымен таныстырғанда оларда бақылау икемін, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, зерделеу нысандарын сараптап, салыстыруды үйрету, себеп-салдарының байланыстарын орнату, сөздік қорын кеңейтіп және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Редакция документа
Демо – версия документа