«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 93 бұйрығы
«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 93 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 21852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес ««Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы»:
22-1 - тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Аккредиттеу туралы куәлік алу үшін білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – бағалау бойынша ұйым) Комитетке «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz, www.elicense.kz немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәзбесінің (бұдан әрі –Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттар тапсырады.
Демо – версия документа