(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.15.04 № 418 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесінде:
А тізімі мынадай мазмүндағы 31, 32, 33, 34, 35-тармақтармен толықтырылсын:
«31. Этилдиэтаноламин
32. 0,0-диэтил-фосфоротиоат
33. 0,0-диэтил-фосфородитиоат
34. Натрий гексафторосиликаты
35. Метилфосфонотионды дихлорид»;
2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде:
«Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын:
«55. Этилдиэтаноламин;
56. 0,0-диэтил-фосфородитиоат;
57. Натрий гексафторосиликаты;
58. Метилфосфонотионды дихлорид.»;
Редакция документа
Демо – версия документа