(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ Қ...
Осы редакция 2018 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 11-1-2/177 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016.09.12. № 11-1-2/584 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 6 (алты) ай;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Редакция документа
Демо – версия документа